Атырау облысында Махамбет ауданының прокуратурасымен 38 млн теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талдау нәтижесімен Бейбарыс ауылдық округінің әкімімен «Первомайский» ЖШС-на понтонға орнатылған су насосы стансасы тендер өткізусіз сенімгерлікке берілгені анықталған.
– Шаруашылық субъектісі понтондық стансаны мемлекетке зиянды түрде қолдануды жалғастырған.
Аудан әкіміне енгізілген заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынумен мүлік мемлекетке қайтарылған.
Ауылдық округ әкімі мен есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.