Париж Олимпиадасында таэквондодан жеребе тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, Париждегі жазғы ойындарда аталған спорт түрінен екі қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.
58 келідегі Самирхон Абабакиров италиялық Вито Дел'Акилаға қарсы шығады. Бұл кездесу ертең, 7 тамыз күні, 1/8 финал аясында өтеді.
9 тамызда 80 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Батырхан Төлеуғали даянгке шығады. Оның бірінші қарсыласы – малилік Исмаил Кулибали.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.