Әнші Сәкен Майғазиев сәбилі болған продюсер Баян Мақсатқызын құттықтап, тілегін жеткізді, - деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі өзі де сәбилі болғысы келетінін жасырмады.
"Баян Мақсатқызы 50 жас, (ой, 18 жас) мерейтойын тойлағанда бата көкпар бергендей бәріміз жақсы тілек жаудырып едік. Балапанның бауы берік болсын! Ақылды, білімді, саналы, өнерлі болып өссін. Тұрсын мырза мен Баян ханымды құттықтаймыз! Алла қалап, менің де жүрегімнің ішіндегі жүрегім маған бір Елубай сыйласа кеш емес екен ғой деп қалдым. Ал мынау сол кешегі "бетімен кеткен" кезіміз. Сол мерейтойдағы көңілді естеліктерді салып қояйын", - деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.