Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз өткізу фактілері бойынша 4 қылмыстық істі тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Анықталған темекі өнімдерінің жалпы сомасы 168 млн теңгеден асады.
– Жүргізілген рейдтер барысында сәйкестендіру құралдарынсыз темекінің жария түрде сатылғаны, сондай-ақ Қостанай қаласының аумағында сақтау орындары анықталды.
Айналымнан 290 мыңнан астам қорап темекі алынды.
Заңсыз қызметті жүзеге асырған 4 күдіктіге қатысты қылмыстық істер сотқа жіберілді, – деді агенттік өкілдері.
Сот оларды кінәлі деп танып, айыппұлдар мен бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жазалар тағайындады.
Барлық тәркіленген өнім жойылуға жатады.