Полицейлер Ақтөбедегі бес оқушы мен үш ересек адам қаза тапқан жантүршігерлік апатқа не себеп болғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
7 тамызда 8 адам, оның ішінде 5 кәмелетке толмаған бала қайтқан жол-көлік оқиғасына қатысты 2 және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.
Күдікті MAN көлігінің жүргізушісі, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Сонымен қатар Полиция департаментімен абайсызда кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соқтырған балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, барлық жауапты тұлғаларға құқықтық баға беріледі. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Апат салдарынан Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі мен оның 7 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Оның бесеуі бала. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар мен олардың ата-аналары басқа облыста өтетін футбол жарысына кетіп бара жатқан», – деп мәлімдеді Темір жол министрлігінің басқарма басшысы Айдос Құлжанов.
Жол апаты оқиғасы 7 тамызда Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы Самара-Шымкент тасжолының 862-шақырымында болған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.