Түркияда қазақстандықтар отырған автобус жол апатына түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz muglagazetesi.com сайтына сілтеме жасап.
Микроавтобустың ішінде ресейлік және қазақстандық туристер отырған. Оқиға Милас қаласындағы Мугла ауданында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 13 турист жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Жол апаты туралы ақпарат таңғы сағат 07.00 шамасында түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем, полиция мен өртсөндірушілер бригадасы келген.
Қазіргі таңда полиция бұл дерекке қатысты тергеу жүргізуді бастады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.