Астанада бұршақ жауып, көлік терезелері сынып кетті

Бұршақ сағат 17.50-18.00 шамасында жауды.

Астана қаласының әуежай аумағында бұршақ жауып, көліктердің терезесі шытынады, кейбірінде сынып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұршақ сағат  17.50-18ү00 шамасында жауды. Халықаралық әуежай маңындағы көліктер бір сәтке қозғалысты тоқтатып, жол жиегіне тоқтады.

– Мұндай бұршақты бірінші рет көріп тұрмын. Тауық жұмыртқасына жететін шығар көлемі. Енді көліктің алдыңғы терезесін ауыстыру керек. Сақтандыру компаниялары шығынды өтемейді. Ол осы алдыңғы терезенің түпнұсқасы 80 мың, көшірмесі 40-45 мың тұрады, – деді такси жүргізушісі.

Айта кетейік, осыған дейін атмосфералық фронттардың ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болатыны айтылды. Яғни, найзағай жарқылдап, бұршақ пен жауын жауады, дауыл соғады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.