Ақтөбедегі ERG кәсіпорнында жұмысшының басына найзағай түсті

Қайғылы оқиға 8 тамызда кешке кәсіпорын ауласында болған.

Ферроқорытпа зауытының 35 жастағы қызметкері әріптестерінің көзінше тіл тартпай кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Диапазонға сілтеме жасап.

 

Басылымның хабарлауынша, қайғылы оқиға 8 тамызда кешке кәсіпорын ауласында болған.

«Жұмысшылардың айтуынша, кешкі астан кейін ер адам сыртқа шыққан. Ал әріптестері терезеден оның басына найзағай түсіп, жерге құлағанын көрген», – деп жазды басылым.

Найзағайдан қайтыс болу фактісін жедел жәрдем қызметкерлері де растады.

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты Eurasian Resources Group компаниялар тобына жататын «Қазхром» компаниясына тиесілі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.