Қала мектептерінің қауіпсіздігі мен білім берудегі жайлылық – күн тәртібінен түспейтін мәселе. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын әзірлеген кезде де ең бірінші білім саласына айрықша басымдық берілді. Сондықтан жыл сайын жаңа оқу жылы жақындағанда білім нысандарының дайындық жұмыстарына мониторинг жұмыстары жүргізіледі.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Айжан Наимбекова, Талғат Балтабаев, Лазиз Сулайманов, Абзал Зейнетаев №82 Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектепке барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Аталмыш мектеп ғимаратының салынғанына 50 жылдан асқан. Білім нысаны соңғы рет 2015 жылы күрделі жөндеуден өткен екен. Қазір мұнда 1034 оқушы білім алса, оларға 108 мұғалім сабақ беруде. Мониторинг барысында депутаттар мектеп кітапханасы толық жабдықталмағанына, оқушылар үшін оқу залы қарастырылмағанына көз жеткізді. Сондай-ақ жылу жүйесінің жұмы-сы, асхана мен спорт залдың жағдайы мәз емес екенін байқаған. Одан бөлек, мектепте акт залдың жоқтығы назарға алынып, тиісті жұмыстардың орындалуын мейілінше оңтайландыру керегі айтылды. Сонымен бірге депутаттар қаладағы Абай ауданына қарасты Жаңаталап тұрғын алабында орналасқан Т.Тәжібаев атындағы №81 жалпы орта білім беретін мектепке барды.
Депутаттар мектеп ғимаратының талапқа сай болуына назар салып, оқушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне айрықша мән берді.
– Балалардың қауіпсіздігі мен қорғанысы дегеніміз тек бақылау камерасы, өткізу режи-мі, дабыл түймелері ғана емес, төтенше жағдай кезіндегі мектеп қызметкерлері мен оқушы-лардың өзін-өзі ұстауы, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруы да өте маңызды. Біз осы тақырып-тардың өзектілігіне тоқталып, ұсыныс-пікірлер айттық. Балалардың қауіпсіз жерде болуына бар жағдайдың жасалуы маңызды, – деді Мұрат Жаңабайұлы кездесулерден кейінгі қорытынды жиын барысында.
Берік БЕК