Жетісу облысында ірі демалыс аймағы өртеніп кетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиғаның егжей-тегжейін ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Алакөл ауданы Ақши ауылындағы демалыс аймағының аумағында демалыс үйі өртенді. Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт 400 шаршы метр аумақта толығымен жойылды", - делінген ведомство хабарламасында.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.