Ұлы ақынның мұрасын ұлықтау шаралары Астанада да өтеді. Солардың бірі – «Домбыра Party» әдеби сазды кеші, – деп жазады Aikyn.kz.
Айтулы іс-шара Есіл өзенінің жағалауы, Хан Кенесары ескерткішінің маңы, жазғы караоке алаңында 10 тамызда кешкі сағат 20.00-де басталады.
«Дана Абайдың әндерін шырқап, руханият бұлағы – өлеңдері мен қара сөздерін еске түсіріп, Есілдің жағасында демалып қайтасыздар», – дейді шараны ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, Абай күні Қазақстанда 2020 жылдан бері аталып өтіп келеді. Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ел Үкіметі аталған датаны мерекелер тізіміне енгізді.