Сағат 22.00 мен таңғы 6.00 аралығында балаларға ойын-сауық орындарында жалғыз жүруге болмайды, – деп жазды Aikyn.kz.
Сондай-ақ сағат 23.00 мен таңғы 6.00 дейін кәмелетке толмағандарға көшеде заңды өкілдердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынған.
"Осы уақытта балалар аулада отырса, үйінен 5 метр қашықтықта орналасқан дүкенге барса, полиция оның түнгі жүрісінің себебі мен заңды өкілдерін анықтауға міндетті.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе үйден тыс жерде қараусыз болғаны үшін ата-аналары мен заңды өкілдеріне айыппұл салынады", – деп ескертті полициядан.
Ойын-сауық орындарында жүрсе – 3 АЕК көзделген. Ал үйден тыс жерде жүрсе алдымен ескертіледі. Егер мұндай дерек 1 жыл ішінде қайталанса – 7 АЕК айыппұл қарастырылған.
Беймезгіл уақытта баланың ойын-сауық орындарында болғаны үшін иесіне де айыппұл салынады.