Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін еркін күрестен ел намысын Әлішер Ерғали қорғады, – деп жазады Aikyn.kz.
97 келі салмақта сынға түскен отандасымыз бірінші белдесуінде мысырлық Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен күресіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, кеше еркін күрестен 125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Юсуп Батырмырзаев бірінші белдесуінде польшалық Роберт Баранға 4:1 есебімен есе жіберген болатын.
Ал одан 86 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков алғашқы белдесуінде АҚШ балуаны Аорон Брукске 3:4 есебімен есе жіберсе, 57 келі салмақта Мейрамбек Қартбай алғашқы белдесуде қырғыз балуаны Бекзат Алмазуулынан 1:4 есебімен ұтылды.