Туризм және спорт министрлігі жазғы Олимпиада ойындарының соңғы күні жарыс жолына кімдер шығатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сағат 11:00-де жеңіл атлетикадан Жанна Мамажанова марафонға қатысады.
Ал 14:00-де еркін күрестен Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде сынға түседі.
Айта кетейік, Франция астанасы Париж қаласында алуы тұтанған XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы спорттың 25 түрінен сынға түсті. Олимпиада ойындарының алауы 26 шілдеде тұтанған болатын. Төртжылдық басты додаға әлемнің 205 елдің 10 500 спортшысы қатысып, 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салуда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.