Актер Тәуекел Мүсілім Олимпиадаға қатысты пікірін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол Олимпиада нәтижесі туралы қысқаша айтып, еліміздегі жемқорлықты сынады.
"Не дейміз енді... Сол баяғы жемқорлық, сол баяғы тойымсыздар. Ал өзбек ағайындарды шын жүректен құттықтаймын", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Актер Қазақстан мен Өзбекстанның Олимпиадаға жұмсаған шығынын салыстырған. Бюджеттен бөлінген шығын көрші өзбек елінде 160 миллион доллар болса, біздің елімізде 660 миллион доллар жұмсалған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.