Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында адам саудасымен айналысқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық прокуратура мәліметінше, «Ш» есімді азамат адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында қолға түскен.
– Атап айтқанда, «Ш» есімді азамат соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды.
Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жұмыстары жүргізілуде, – делінген хабарламада.
Қазір адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жария етілмейді.