Алматы әкімінің орынбасары қала құрылысшыларын кәсіби мерекемен құттықтады

Сала өкілдеріне құрмет наградалары табысталды.

Алматыда Құрылысшылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Мемлекет басшысының атынан көп жылғы еңбегі мен қаланың дамуындағы жоғары жетістіктері үшін сала өкілдеріне құрмет наградаларын табыс етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Құрмет» орденімен «Монтажспецстрой» АҚ директорының орынбасары Лилия Вертиева және «Диал-Строй» ЖШС Бас директорының орынбасары Бақыт Рымжанов марапатталды.

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен – «BAITAU INVEST» ЖШС жобаларының бас сәулетшісі Гүлнар Есенбекова. 

Сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» медальдары табысталды.

Әкімнің орынбасары өз құттықтауында қаланың даму қарқыны және соның салдарынан қала тұрғындарының өмір сүру сапасы құрылысшылардың жұмыс нәтижелеріне байланысты екенін атап өтті.

«Қалада жыл сайын мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер, жолдар, өндірістік нысандар салынады. Мұның бәрі біздің құрылысшыларымыздың арқасында. Барлық қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын және барлық бастамаларға сәттілік тілеймін», – деді Бейбіт Шаханов.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.