Елордада мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекалық несие алуға көмектесемін деген сылтаумен 25 эпизод бойынша алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әйел ипотекалық несиеге баспана алуға көмек көрсету үшін 1 адамнан 2 млн теңге сұраған.
Бұл туралы полицияға 44 жастағы елорда тұрғыны жүгініп, көмек сұрады.
«Күдікті мойындау көрсетпелерін берді. Оның ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды», – деп хабарлады Астана қаласы ПД.
Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.