Токио-2020 атқарушы комитетінің мүшесі Харуюки Такахашидің айтуынша, Токиода Жазғы Олимпиада ойындары коронавирусқа байланысты тоқтатылған жағдайда бір немесе екі жылдан кейін өтеді. Бұл туралы The Wall Street Journal-ға сілтеме жасаған «Қазақпараттың» хабарлауынша, Олимпиаданы көрерменсіз өткізу немесе толығымен тоқтату көп мөлшерде қаржылық шығын әкелуі мүмкін. «Жазғы ойындар тоқтатылады деп ойламаймын», – деп мәлімдеді Такахаши. Еске сала кетейік, Токиода Олимпиада шілденің 24-інен 9 тамыз аралығында өткізу жоспарлап отыр. Ал Паралимпиада ойындары 25 тамыздан 6 қыркүйекке дейін болады.