Әнші Ерке Есмахан қоғамда жағымсыз пікір айтатындар көбейіп кеткенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желіде "Халық хейтке жатып алған. Адамдарға неге дым ұнамайды?" деген оқырманының сұрағына жауап берді.
“Қазір отырсаң опақ, тұрсаң сопақсың. Неге қасында, неге артында деп кез келген нәрсені іліп кете береді екен. Бұл елге алтын әкеліп, елдің атын шығарып, Әнұранды шырқатсаң да жақпайсың", – дейді әнші.
Әнші айтылып жатқан түрлі әңгімеге мән бермеуге шақырды.
“Айтарым, хейтке немесе біреудің сөзіне бір тал жүйке талшығын құртуға болмайды. Өз қалауыңмен, өз рахатыңа өмір сүр. Анау-мынау сөзден аса алмай жүрген жандар болса, міне, сіздерге үлкен сабақ. Сөз ешқашан бітпейді!" – деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.