Қазірден бастап өзін қолға алсын: Белгілі журналист Елдос Сметовке қатысты ойын айтты

Ол чемпионды «той-домалаққа сүйреу беруді» доғару керектігін ашық айтты.

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке қатысты кезекті пікірімен бөлісті, – деп жазады Aikyn.kz.

Журналист чемпионның ортасы дұрысталу қажеттігін атап өтті.

«Міне! Сыннан нәтиже шықты! Қандай әп-әдемі болды. 15 жасқа жасарып кетті. Менің де миссиям осы!

Енді жүрегіне қазаққа деген патриоттығын оятсын! Жанындағылар бұл жігітті құртып жатқан. Ортасын тезірек дұрыстау керек. Чемпионымыздың дұрыс жолмен жүргенін мен де қалаймын.

Сосын бұл жігітті той-томалаққа апара беруді доғару керек. Хабиб ең алғаш жеңіспен оралғанында, әкесі бірден Америкаға алып кетті. Неге дейсіз бе?

Себебі оларда да біздер секілді той-томалақпен есін тандырады. Баласының келешегін ойлаған ақылды әке, дереу елінен жыраққа апарды. Ол жаққа барып білім алды, тіл үйренді, сөйлеу мәнеріне дейін жұмыс жасады. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер.

Бүгінде Хабибты әлем таниды. Миллиондағандардың кумирі.

Ал Елдос келесі Олимпиадаға барамын деді. Ендеше, қазірден бастап өзін қолға алсын!

Тіл үйренсін, айналасындағылардан сақтанып жүрсін!", – деп жазды тілші.

 

Оның пайымынша, біз Бекзатты да кезінде сақтай алмадық. Ырду-дырдуға араластырып.

"Жол апатына түскенін де бір адам көрмей қалғаны жаныңды ауыртады. Қайда қаптаған, шұбырған жанашырлары?

Жүрегімде қазағыма деген ұлттық жанашырлығым басым болғаннан соң, әр батырымыздан қазағымның рухты иісін сезгім келеді. Айтпағым осы, ағайын?!", – дейді Бибігүл Дәулетбекқызы.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.