Семейде көлік қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Абай облысының полициясы Семей қаласында жаяу жүргінші көз жұмған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеуді бастағанын мәлімдеді.
13 тамызда облыс орталығындағы Бозтаев-Первомайская көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен. Нәтижесінде ер адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Қазіргі уақытта жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.