ТЖМ құтқарушылары таудан екі жасөспірімді түсірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының Қарасай ауданындағы Терра алаңында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары екі жас туристі құтқарып, таудан түсірді.
– Белгілі болғандай, жасөспірімдер 2008 жылы туған. Олар таңертең тауға шығып, өздігінен қайтып түсе алмай 112 нөмірі бойынша көмек сұрады, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Жас туристерге медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.