Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Ресей Федерациясының азаматын іздеу жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қапенов Азамат Абайұлы, 12.04.1978 жылы туған, Пржевальск қаласы, Қырғыз Республикасының тумасы.
Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау».
Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері анықталған не ықтимал орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда іздестіру бастамашысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2) келесі телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: кезекші бөлім 8 (7232) 29-88-88, іздестіру тобы, ұялы телефон 8-708-908-92-79, (немесе электронды поштаға жазыңыз kb.vko@antikor.gov.kz).
Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.