Елордада құрылысшы 7-қабаттан құлап кетті

Жазатайым жағдай Мәңгілік ел даңғылы бойындағы құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлердің бірінде болған.

Астанада құрылысы жүріп жатқан көпқабатты үйдің жетінші қабатынан құрылысшы құлап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Жазатайым жағдай Мәңгілік ел даңғылы бойындағы құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлердің бірінде болған.

Зардап шеккен жұмысшыны жедел жәрдем қызметі №2 қалалық ауруханаға жеткізді.

«Ер адамда мидың, өкпенің және сол бүйректің көгеруі, политравма, қабырғаның жабық сынуы, екі иықтың, омыртқаның әртүрлі бөліктерінің сынуы бар. Жағдайы ауыр», – деді қалалық  Денсаулық сақтау басқармасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.