Түркістан облысының прокуратурасы Қазынашылық департаментінің қызметінде жүйелі заңбұзушылықтарды анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тексеру нәтижесінде жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзу, жеке қаржыландыру жоспарын негізсіз қолдау, үнемделген қаражатты басқа бюджеттік бағдарламаларға аудару секілді фактілер анықталды.
– Департаменттің лауазымды тұлғалары «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ (бұдан әрі - КММ) есепшілерімен сөзбайласу арқылы КММ-нің қызметкерлерінің санын негізсіз ұлғайтып, 8 млн жуық теңгені иемденген.
05.07.2024 жылы облыс прокуратурасы жинақталған құжаттарды сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу фактісімен СДТБТ тіркеп, тергеу жүргізуді Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырды, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ жоғарыда аталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізді.