Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен алаяқтық және лауазымды тұлғаға пара беруге азғырған жалған адвокат 4 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп жазды Aikyn.kz.
Қалалық прокуратураның хабарлауынша, адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ К. есімді азамат қылмыстық істі тоқтатуға жәрдем беремін деп күдіктінің туысын лауазымды тұлғаға пара беруге азғырғаны анықталған.
Күдіктінің туысы адвокаттың құқыққа қайшы әрекетін түсініп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген.
Жедел іс-шаралар жүргізу барысында азамат К. 10 млн теңге көлемінде қаражат алу кезінде ұсталды.
Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтарға алаяқтардан аса сақ болуды ескертеді.