Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған дзюдошылар Әбиба Әбужақынова мен Эсмигүл Куюловаға жерлестері көлік мінгізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сыйлық демеушілер тарапынан ұйымдастырылған. Оны облыс әкімі Серік Шәпкенов спортшыларға салтанатты түрде табыстады.
«Жығылғанда жанымнан табылған жанашырлар, бәріңізге рақмет. Атырау облысы әкімі Серік Жамбылұлы мырзаға, Infinity mall ‘компаниясына, атыраулық жанашыр жанкүйерлеріме көп рахмет айтамын! Мейіржан Есмағамбетов бапкерім спорт мансабымда өзіңіздің орныңыз ерекше. Жеңісте де, жеңілісте де қасымнан табылып, мені бар құрметке лайық көргеніңізге рақмет! Осындай қолдаудан кейін менің сынуға, жеңілуге, налуға және күреспеуге құқығым жоқ деп ойлаймын! Мен әлі-ақ жарқ етемін», - деп жазды Әбиба Әбужақынова әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Әбиба Әбужақынова 48 келіде өнер көрсеткен болатын. Ол қола жүлде үшін тартыста швециялық балуанға есе жіберіп, бесінші орынға ие болды. Ал Эсмигуль Куюлова алғашқы айналымнан аса алмады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.