Елімізде пойыз билеттері 20 пайыз қымбаттайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, жаңа тариф 1 қазаннан бастап күшіне енеді. «Тальго» пойызына билет құны шамамен 19 493 теңге, стандартты пойыздарда купенің құны - 19 653 теңге, ал плацкарттікі 12 871 теңгедей болады. Қала маңындағы пойыздарға билет құны 6 314 теңгеге жуықтайды.
«Тарифті өсірудегі мақсат - қызмет сапасын жақсарту мен теміржолшылардың жалақысын көтеру», - дейді жауаптылар.
Көлік министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде 14 теміржол тасымалдаушысы бар. Олар 140 бағыт бойынша жолаушы тасиды. Күзде соның 62-де тарифтер өседі. Оған инфляция және қолданыстағы 2 667 жолаушы вагонының 44%-ы тозуы себеп.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.