Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) кәсіпқой рингке қайта оралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
All Stars Boxing промоутерлік компаниясы оның қарсыласы кім екенін мәлімдеді.
Данияр Алматыда өтетін бокс кешінде филиппиндік Джо Нойнаймен (23-4-2, 11 КО) жұдырықтасады. Ол 2019-2022 жылдар аралығында алғашқы жартылай жеңіл салмақта WBO Asia Pacific чемпиондық титулын иеленген.
Бокс кеші 28 қыркүйекте «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді.
Еске сала кетейік, Елеусінов кәсіпқой рингтегі соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсан айында Астанада аргентиналық Хуан Эрнан Леалға қарсы өткізді. Данияр Елеусінов төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы титулды жеңіп алған болатын.
Осы бокс кешінде Жанқош Тұраров кезекті жекпе-жегін өткізеді. Ал ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріп бокс ережесімен жұдырықтасады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.