Ақмола облысының Алексеевка кентінің жанындағы көпірде екі ауыр жүк көлігі соқтығысып, бір жүргізуші қаза тапты, – хабарлайды Aikyn.kz.
Жантүршігерлік жол апаты 17 тамызда болды. Апат орнынан түсірілген кадрларда жүк көлігінің қатты зақымданғаны байқалады. Ауыр соққыдан жүк көлігінің кабинасы жұлынып кеткен.
«Апат салдарынан көлік құралдарының бірінің жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.