Нариман Құрбанов гимнаст Аида Бауыржановамен отау құрмақ, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Қыркүйек – бір-бірімізге көбірек көңіл бөліп, өміріміздің жаңа тарауын бастайтын уақыт", – деді спортшы.
Нариман Аидамен қарым-қатынасы 2018 жылы жаттығу кезінде басталғанын айтты. Содан бері бір-бірінен ажырамай, спорт шыңдарын бірге бағындырып жүрген.
"Аида екеуміз 2018 жылы таныстық, содан бері ажырамадық. Менің сүйіктім Аида да гимнаст, біз бірге спорт әлемінде шыңдарды бағындырамыз", – деді гимнаст.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.