Француздың әлемге әйгілі актері Ален Делон 88 жасқа қараған шағында қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
AFP агенттігі жазғандай, актер 88 жасқа толған болатын.
Осыдан тура бір ай бұрын француз киножұлдызының қызы Анушка Делон әкесінің ауыр науқасқа шалдыққан суреттерін көрсеткен.
Анушкадан басқа Ален Делонның екі ұлы бар – Энтони және Ален-Фабьен.
Маусым айында Анушка өзінің жеке блогында әкесіне хабарласып, әсерлі пост жазып, әкесінің қолын сүйген мұрағаттық ақ-қара фотосуретімен бөлісті.
Ален Делонның ұлы әкесінің эвтаназия туралы ойлап жүргенін айтты. Ал актердің өзі бұл жайтты қарастырып жатқанын мойындап, адамның жасы келген сайын «бұл дүниеден ауруханасыз және ине салмай-ақ тыныш кетуге құқығы бар» екенін айтты.
1957 жылы Ален Делон ойнаған «Әйел араласқанда» бірінші фильмі шықты. 1960 жылы ол «Жарқын күнде» фильмінен кейін серпіліс жасады. Одан кейін «Рокко және оның ағалары» және «Барыс» болды. Соңғысы Делонға «Алтын глобус» номинациясын әкелді. Делонның көптеген құрметті марапаттары бар: Берлин және Локарно кинофестивальдарының, Италия киноакадемиясының «Давид ди Донателло», немістің «Алтын камерасы».
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.