ТЖМ құтқарушылары жоғалған туристерді тауып алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Алматы облысының Талғар ауданында 1994 жылы туған екі ер адам тауға көтеріліп, бірақ адасып, өз бетінше таудан түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
"Тәуліктің қараңғы уақытына және ағаштарды құлатқан дауылға қарамастан, республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристерді Қотырбұлақ шатқалынан тауып, оларды қауіпсіз жерге алып барды", – деп қосты ведомство.
Туристер медициналық көмекке мұқтаж болмады, – деп түйіндеді мамандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.