Әнші Жазира Байырбекова тұрмысқа шыққалы отырған қыздарға кеңес берді, – деп жазды Aikyn.kz.
«Қыздарға қандай кеңес бересіз?» депті. Біздің тәжірибеміз қазіргі жастарға өтпейді. Әр заманның өз талабы бар. Мысалы, мен жұмысы да, үйі де, атағы да жоқ жігітке тұрмысқа шықтым. Бәріне бірге жүріп жеттік. Қазір үйі бар ма, бизнесі, жұмысы бар ма, мамандығы қандай, әке-шешесі немен айналысады, бәрі маңызды дейді. Қайсысы дұрыс, нақты білмеймін. Бірақ махаббат бірге тұрғанда сыйластыққа, достыққа, бауыр басуға айналмаса өшіп қалады. Махаббат та, байлық та, атақ-даңқ та жоғалуы мүмкін. Тек мейірімді адамның мейірімділігі ғана жаныңда қалады», – деп жазды Жазира Байырбекова.
Желі қолданушылары өнер иесінің постына қолдау білдірді.
«Дұрыс айтасыз, дайын асқа тік қасық болсаң, оның қадіріне жетпейсің. Маңдай термен екеулеп табу керек», «Жарың сүйіп, сыйлап тұрмаса дүниең де, атағың да бір тиын», «Бәрі ниетіңе қарай болады», «Жанболат пен Жазирадай жұптар көбейе берсін», – деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.