Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында бақ сынайды. Бүгінде турнирге қатысатын отандық спортшылар белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Жастар арасындағы құрлықтық біріншілік 31 тамыз бен 1 қыркүйек арасында Оңтүстік Кореяның Мунгён қаласында өтеді. Аталған сында ел намысын 19 жас атлет қорғамақ.
Назарларыңызға Қазақстан командасының құрамын ұсынамыз:
Ұлдар:
60 келі: Данияр Кулушев, Мадияр Серіков
66 келі: Аян Байкенжеев
73 келі: Ернар Кеңесхан
81 келі: Глеб Азаров, Данил Крылов
90 келі: Егорь Раков
-100 келі: Дінасыл Тәттімбек
+100 келі: Жантілек Нұртілепұлы
Қыздар:
48 келі: Сабина Юлдашбекова, Тасним Абдуали
52 келі: Аяулым Қайрат, Нұрайлым Сәрсенбек
57 келі: Дина Мұханбет
63 келі: Ұлдана Таңжарықова
70 келі: Әділ Сағира
-78 келі: Анастасия Нагачевская
+78 келі: Руслана Махатова
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Қырғызстанның Ыстықкөл аймағында оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.