Қазақстан Таиландпен визасыз режим туралы келісімді бекітті

Үкімет қаулысы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.

Эталондық бақылау банкі порталында Қазақстанның Таиландпен визасыз режим туралы келісімді бекітуі туралы құжат жобасы орналастырылған. Ол 30 күннен аспайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

«2024 жылғы 23 сәуірде Бангкокта жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім бекітілсін», - делінген құжатта.

Үкімет қаулысы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.

Құжатқа сәйкес, бір тарап мемлекет азаматтары, қолданылу мерзімі кемінде 6 айдан кем болмауға тиіс жарамды жол жүру құжаттарының иелері, екінші тарап мемлекетінің аумағына келу, одан кету, транзитпен өту, онда уақытша болу үшін келген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын, күнтізбелік 180 күндік әр кезең ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 күн болатын кезеңге визалық талаптардан босатылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.