Қазақстанда бір жылда 78 ауыл жойылған

Таратылған 78 елді мекеннің 50-і Түркістан және Қостанай облыстарына тиесілі. Қалған 28 ауыл Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай және Қарағанды облыстарында таратылды.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда 6 208 ауыл бар. Ұлттық статистикалық бюросының хабарлауынша, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78-ге аз, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Таратылған 78 елді мекеннің 50-і Түркістан және Қостанай облыстарына тиесілі. Қалған 28 ауыл Алматы, Шығыс Қазақстан,Абай және Қарағанды облыстарында таратылды.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда 17 облыс, 192 аудан, 90 қала, оның ішінде 3 республикалық маңызы бар қала тіркелген. Сондай-ақ елімізде 29 ауыл, 2 165 ауылдық округ пен 6 208 ауыл бар.

1 шілдедегі жағдай бойынша, халық саны 20 159 707-ға жетті. Қалада 12 573 367 адам болса, ауылдық жерде 7 586 070 адам тұрып жатыр.

Елімізде әйел саны ер адамнан көп.  Елде 10 311 830 әйел, 9 847 877 ер адам бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.