Қазақстанда рулі оң жақта орналасқан таксилер жұмысын тоқтатады

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді.

Үкіметтегі  брифингте Көлік министрі Марат Қарабаев 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда рулі оң жақта орналасқан таксилер жұмысын тоқтататынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісімге қол қойылған», –  деді ол.

Қарабаевтың айтуынша, енді осы екі компания жаңа жылға дейін платформадағы рулі оң жақтағы көліктерді платформадан алып тастайды. Яғни, олар енді такси қызметін тоқтатады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.