Астанада түнгі уақытта велосипед ұрлаған қыз ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Полицейлер оны бейнекамералардың көмегімен анықтады. Елорда тұрғыны, түнгі уақытта тұрғын үйдің кіреберісінің алдында велосипедтің қараусыз қалдырылғанын пайдаланып, ұрлық жасаған. Ұрланған мүліктің құны – 95 мың теңге.
«Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, полиция қызметкерлері бейнекамерлардың көмегімен 23 жастағы жас қызды анықтады. Ол ұрлаған велосипедті ломбардқа өткізген. Полицейлер ұрланған велосипедті тәркілеп, иесіне қайтарды», – деді Астана қалалық Полиция департаментінен.
Ұрлық бойынша жас қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.