Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына ұрып-соғу белгілері бар, ішкиіммен ғана жүрген ер адам жеткізілді. Ол қазақстандық шоу-бизнес өкілі Алтынбек Тәшімбетов екені белгілі болды. Бұл туралы Kozachkov offside Telegram-арнасы жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Жедел жәрдеммен жеткізілген әнші қабылдау бөлмесінде жанжал шығарып, ресепшндегі әйнекті сындырған. Онымен қоймай, кезекші медбикені де балағаттаған. Шоу-бизнес өкілін шақыртуға келген полицейлер сабасына түсірген», – делінген ақпаратта.
Полиция департаменті әнші Алтынбек Тәшімбетовтің әкімшілік құқық бұзушылық бойынша сот алдында жауап беретінін хабарлады.
Фото: t.me/kozachkow
Оның заңсыз әрекеттері екі бап бойынша рәсімделді. Қоғамдық орында мас күйінде пайда болуы (ӘҚБтК 440, ең жоғары жаза – 5 АЕК айыппұл) және медицина қызметкерлеріне құрметсіздік таныту (80-1-баптың 2-бөлігі).
Екінші жағдай бойынша әртіс 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.