Әлеуметтік желіде боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Письма президенту» телеграм-арнасында жарияланған ақпаратта 19 тамызда сағат 23.00 шамасында Әуезов ауданына қарасты 5-шағынауданда зорлық болды деген хабар келіп түскені айтылады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйелдің Жанқош Тұраров зорлады деген арызын қабылдады.
Алматы Полиция департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
– Арыз бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.