Азаматтық авиация комитеті Қазақстаннан Токиоға тікелей рейстер ашылатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Air Astana және Japan Airlines 2026 жылдың көктеміне жоспарланған Алматыдан Токиоға жаңа рейсте өз кодтарын орналастыруға мүмкіндік беретін кодшерингтік келісім жасасты.
– Бұл құжат іскерлік және туристік сапарлар үшін Қазақстан мен Жапония арасындағы әуеқатынасының мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ екі ел арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалының өсуіне ықпал етеді, – делінген ААК хабарламасында.
Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылған болатын.
Маршруттар мен кестелер туралы қосымша ақпарат екі әуекомпанияның билеттерін жоспарлау және сату жүйелерін біріктіргеннен кейін жарияланады.