Талдықорған қаласы саяжай қоғамдарының бірінде 17 тамызда жантүршігерлік кісі өлімі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
34 жастағы әйел отбасылық жанжалдан кейін күйеуі ұйықтағанша күтіп, оны балтамен өлтіріп, содан кейін полиция шақырған. Әйел Талдықорғанның уақытша ұстау изоляторында екі күнін өткізді.
Күдікті мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясына «қылмысқа отбасылық жанжал, алкогольді шамадан тыс тұтыну себеп болды» деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол бір жарым жастағы баласы бар екенін, оны емізіп жүргенін айтып, үйіне босатуды сұрады.
Күйеуін балтамен бірнеше рет шауып өлтірген әйелге сот кешірім танытып, оны «үйқамаққа» жіберді.
20 тамызда әйел өлген күйеуінің анасының қолындағы балаларын алып үйіне қайтты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.