Қазақстан бокс федерациясы ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде көптеген жарыста жүлде салған Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті, – деп хабарлады Aikyn.kz.
«Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз», – деді іс-шарада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.
Қазақтың дәстүрі бойынша Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жауылып, бағалы сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасынан кейін бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметінен босатылды.
Бас бапкер болып Мырзағали Айтжановтың орнына Қайрат Сәтжанов тағайындалды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.