ҚМА бірнеше адамға халықаралық іздеу жариялады

ҚМА өкілдері анонимділік пен сыйақы кепілдендірілгенін мәлімдеді.

Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық іздеуді жариялайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олар:

Ресей Федерациясының азаматы Черных Сергей Владимирович, 1993 жылы туған;

Украина азаматы Юдина Марина, 1999 жылы туған;

Қазақстан Республикасының азаматы Нестеренко Павел Игоревич, 1998 жылы туған;

Қазақстан Республикасының азаматы Мусалиева Тұрсын Бегдатқызы, 1996 жылы туған.

– Аталған тұлғаларға қатысты Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағында «1WIN» онлайн-казино түрінде заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыру және басқару, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, заңсыз бас бостандығынан айыру күдігімен іздеу жарияланды. Осыған байланысты қылмыстық әрекеттерден түскен қаражат 3,8 миллиард теңгені құрайды, – делінген ҚМА ақпаратында.

Егер сізге іздеудегі тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, төмендегі телефон нөмірлеріне хабарлауыңызды сұраймыз:

+7-701-577-56-83 – Іздеу жұмыстары бойынша,

+7-701-121-47-65 – Іздеу жұмыстары бойынша,

+7-727-279-20-86 – кезекші бөлім.

Анонимділік пен сыйақы кепілдендіріледі.