Жетісу облысында бидай тиелген жүк көлігі өртенді (Видео)

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жетісу облысы Сарқан ауданының Сарқан-Бақалы автожолында бидай тиелген жүк автокөлігінің кабинасы, мотор бөлігі және алдыңғы дөңгелектері өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Өрт сөндірушілер жедел түрде өртті сөндірді. ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. 

Осы ретте ТЖМ автокөлікте төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет екенін еске салады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.