Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі Мөлдір Мұқанова 16 жаста тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мөлдір Мұқанова қыздардың тұрмысқа ерте шығуына қатысты қандай ойда екенін Анна Данченкоға берген сұқбатында айтты.
"Мен рұқсат етемін. Бірақ 16 жасында тұрмысқа шыққаны қиындау. Бірақ шынымен де басына жазылып тұрған дүние шығар. Қай жаста шықса да, мен тек бақыт тілеймін. Ешқандай артық сөз айтпаймын. Біз емес оны сырттан айтып талқылайтын. Ол солай болу керек болды. Ең бастысы, жастар бақытты болсын", – деді Қабатовтың әйелі.
Сонымен қатар Мұқанова 20 жастағы үлкен қызының тұрмысқа шығуына қарсы емес екенін айтты.
"Қызымның тұрмысқа шығуына қарсы емеспін. Үлкен қызым қазір 20 жаста. Мен 20 жасымда тұрмысқа шықтым. Сәуір айында 21-ге толады. Қарап отырсам, қызым әлі бала. Оның дене бетімі бойшаң, ірі болғанымен, ой-өрісі әлі бала. Оның кейде ойнап жүргенін көріп, "Қызым, мен сенің жасыңда тұрмысқа шыққанмын. 21 жасымда балалы болдым" десем, "Мама, мені асықтырмаңыз, қазір заман басқа" дейді. Балаларымның бақытты болғанын қалаймын", – деді продюсер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.