Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады, – деп жазды Aikyn.kz.
Спортшының сүйіктісі, гимнаст Аида Бауыржанова өзінің Instagram-дағы stories бөлімінде өзіне сыйлаған жүзікті көрсетіп, Нариман Құрбановты белгілеген.
Ел қоржынына тарихи медаль салған спортшы қыркүйек айында үйлену тойы болатынын айтқан еді. Нариман Құрбанов сүйіктісі Аида Бауыржановамен 2018 жылы танысқан. Аида да гимнастшы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.