Ойнап жүріп, итеріп жіберген: Атыраудың Ақжар ауылында суға кеткен баланың денесі табылды

14 жасар баланы ойнап жүріп, достары суға итеріп жіберген деген күдік бар.

Марқұмның денесін іздеу жұмыстары төрт күнге жалғасты, – деп жазады Aikyn.kz. 

"24 тамызда сағат 07.03 шамасында 2010 жылы туған жасөспірімнің денесі оқиға орнынан 12 шақырым қашықтықта құтқарушылардың күшімен судан шығарылды", – деп жазды ТЖД.

Іздестіру жұмыстарына ТЖД 10 жеке құрамы, 5 жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылды, – делінген хабарламада.

14 жасар баланы ойнап жүріп, достары суға итеріп жіберген деген күдік бар. Атырау облысы Полиция департаменті іс қозғап жатыр. 

Баян ЖАНҰЗАҚ, Атырау облысы